USD
USD
USD

Аққулы ауданының ақсақалдары 200 шақырымды жүгіріп өтті

Акция мамыр мерекелеріне арналды, деп хабарлайды  Pavlodarnews.kz.

Аққулы ауданының ақсақалдары 200 шақырымды жүгіріп өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аққулы аудандық әкімдігінің мәліметінше, Жамбыл ауылдық округінің ардагерлері 87 жастағы Түлкібай Колумбаев, 77 жастағы Өмірзақ Исағұлов  және 67 жастағы Сейітжан Батталов аудан бойынша жаяу марафон ұйымдастырған.  

– Марафон 26 сәуірде Әйтей ауылының маңында Ұлы Отан соғысының басынан аяғына дейін болған, 56-ақ жыл өмір сүрген Сембай Қалиев жерленген жерден басталды. Сол  жерде батырдың рухына Құран бағышталып, старт берілді. Одан кейін Қарақала, Ямышево, Баймолдин, Малыбай, Майқарағай, Шақа, Шарбақты, Бесқарай ауылдарымен жүріп өтіп, соңғы нүкте – аудан орталығына келіп тоқтады, – дейді әкімдікте. 

Ақсақалдар әрбір ауылда жастармен кездесу ұйымдастырып, Ұлы Отан соғысына қатысты деректермен бөліскен, ескерткіштерге гүл шоқтарын қойған. Тарихи мұра орталығында аудан басшылығымен кездесу өткен. 

Марафонның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, патриотизм сезімін тәрбиелеу.  

Ақсақалдар 185 шақырым жаяу жүріп өткен. Марафон 10 күнге созылып, аудан орталығында аяқталды.

Қазір оқып жатыр

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG