USD
USD
USD

«Ақкенттегі» өрттен қаза тапқан әйелдің отбасына екі бөлмелі пәтер беріледі

«Ақкент» тұрғын кешенін салушы компания қаза тапқан Әсел Бекмұхамбетованың отбасына екі бөлмелі пәтер береді.

«Ақкенттегі» өрттен қаза тапқан әйелдің отбасына екі бөлмелі пәтер беріледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тұрғын үйді «Ayt housing Complex» ЖШС салған. Бұған қоса құрылыс салушы өрт шыққан үйде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге уәде берді. Бұл жөнінде құрылыс компаниясының бас директоры Қанат Ералиев «Ақкент» ТК тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді. 

«Біз өз бастамамызбен үйді қалпына келтіру шығындарын мойнымызға алуға дайынбыз», – деді ол.

Компания өкілдерінің мәліметінше, 54 көппәтерлі тұрғын үй 2017 жылғы 7 тамыз күні пайдалануға берілген. Алайда үй 2020 жылдың қаңтарына дейін үй бос тұрған. Бұл үйге тұрғындар тек 2020 жылы қоныстаныпты.

«Лифтілерге келетін болсақ, бұл тұрғын үйде Mitsubishi лифтінің бренді 2015 жылдан бастап жұмыс істейді, тіркеу нөмірі L15-269 және L15-270. "АГ МЕЛЬКО Элеватор Казахстан Компани" ЖШС лифт компаниясы қызмет көрсетеді. Лифттерді соңғы техникалық куәландыру 2023 жылдың 27 шілдесінде жүргізілді», – делінген «Ayt housing Complex» ЖШС хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті

Актер Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға сотталды

Нұрсұлтан Жақсыген

ДСҰ-ға мүше болған 11 жыл ішінде Қазақстанның тауар айналымы екі есе өсті

ДСҰ және Қазақстан туы