USD
USD
USD

Ақкенттегі өрт кезінде тұрғындарды құтқарған азаматтар марапатталды

Алматы әкімі Ерболат Досаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан «Ақкент» шағын ауданындағы өрт кезінде адамдарды құтқарған азаматтарға мемлекеттік наградаларды табыс етті.

Ақкенттегі өрт кезінде тұрғындарды құтқарған азаматтар марапатталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысының Жарлығымен төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды:

– Тілеужан Ахметханов, «Expo Masters» ЖШС менеджері;

– Гюнай Шюкрю, «Спарк Электромеханик» ЖШС электригі;

– Эльдар Исмаилов, «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі;

– Йерделен Халил, «Gask Construction» ЖШС автокран операторы;

– Кенан Мамедов, «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі;

– Вадим Романов, «Frank-Asia» ЖК автокранының операторы. Қала басшысы өзгелерді құтқару үшін өз өмірін қатерге тіккен азаматтарға алғыс айтты.

«Бұл қайғылы оқиға халқымыздың өзгелер үшін бей-жай қарамайтынын, жанашыр әрі тәуекелге баруға дайын екенін көрсетті. Мен сол бір табиғи апат күні оны айналып өтпеген, өрт сөндірушілерге көмектесуге асыққан барлық жанға алғысымды білдіремін», - деді Ерболат Досаев. Сонымен бірге, қала әкімі өртті кәсіби әрі жедел түрде ауыздықтаған өрт сөндірушілерге алғысын білдірді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты