USD
USD
USD

«Ақкент» тұрғын үй кешенінің тұрғындарына пәтерлерін қалпына келтіруге көмек көрсетіледі

Алматы әкімдігі «Ақкент» тұрғын үй кешенін салушымен бірлесіп, 1 тамызда өрттен зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетеді.

«Ақкент» тұрғын үй кешенінің тұрғындарына пәтерлерін қалпына келтіруге көмек көрсетіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әкім Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша тұрғын үй кешенін салушымен келіссөздер жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша шешімдер қабылданды. Құрылыс салушы 2 қыркүйекке дейін пәтерлерге электр қуатын беруді қалпына келтіруге, кірме жолдарды жөндеуге, есік-терезелерді ауыстыруға кеткен шығындарды өтеуге, пәтерлерде әрлеу жұмыстарын жүргізуге міндеттенеді.

Барлық жұмыстар 20 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс. Төтенше жағдайда жасалатын шаралар аясында тұрғындарға уақытша тұратын орын немесе баспана алу мүмкіндігі беріледі. Сонымен қатар, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіледі.

Өртке оранған марқұмның отбасына екі бөлмелі пәтер тегін беріледі.

Қазір оқып жатыр

Актер Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға сотталды

Нұрсұлтан Жақсыген

ДСҰ-ға мүше болған 11 жыл ішінде Қазақстанның тауар айналымы екі есе өсті

ДСҰ және Қазақстан туы

Депутаттар Құрылтай жанынан 50 адамнан тұратын Қоғамдық палата құруға келісім берді

Құрылтай ғимараты

Air Astana қазанда Алматы мен Астанадан Дубайға ұшатын әуе рейсін қалпына келтіреді

Air Astana