Нұрлан Әлімжан мен Айгерім Қалаубаеваның бас қосқаны рас па?
Жаздың аптап ыстығында әртіс атаулының қыдырыстап кететіні бар. Бірақ биыл көпшілігі демалысты қоя тұрып, қызу жұмысқа кіріскен тәрізді. Бірі жаңа туындысын жарнамаласа, ендібіреулер ел арасындағы қауесетке әнмен нүкте қоюға тырысқан. Сонымен, кім не істеп жүр?
Жары Толқын жуырда Төреғалиға ұл сыйласа, әнші күйеу оған қайыра ән сыйлады. «Аманатым» әні жан-жарым Толқын Тұрарбекқызына арналады. Ғаламатымның бүгін туылған күні»,– деп жазды ол желідегі парақшасында.
Әншінің өзі жазба соңында сұрағандай, көпшілік өнер иесінің көпбалалы келіншегіне жүрекжарды тілектерін арнаған.
«Төреғалидың тентектігіне төзген Толқынға таң қаламын, Толқындай теңін тапқан Төрешке тамсанамын!», «Екінші әйел алса Толқынға деген құрметі жоқ», «Туған күнімен, жаңа жасы құтты болсын!», – деп жазды желідегілер.
Ал Бағлан Әбдірайымов түсірген жаңа туындысына жарнама жасап әлек.
«Күніге әлеуметтік желіден пайдасыз ақпарат көргенше, оданша мен ұсынған фильмді көріңіз. Әрі пайдалы ақпарат аласыз және сыйлықты болып қалуыңыз әбден мүмкін», – дейді әншілікті продюсерлікпен алмастырған Әбдірайымов.
Сондай-ақ әнші «Қарыз» атты киносын тамашалауға баратын көрерменді «үш көліктің иесі болыңыз» деп қызықтырып қойды. Ұтыс мұнымен бітпесе керек, өнер иесі жүз мың теңгеден қырық адамның қарызын жауып беретініне уәде беріп отыр.
Бұдан соң желідегі жұрттың пікірі екіге жарылды. Бірі – ұтысқа тігілген көліктерге қол жеткізгісі келетінін айтса, ендібіреулер – Бағланнның өзіне жармасқан.
«Таза лоторея ғой мынау. Бәке, «ойнамаңдар» деп кино түсіріп, өзің ойнатып жатқаның қалай кетті?!», «Ағайындар, 30 июнь ойнататын машиналар қайда? Әлі ойнамаған ба? Бағлан бауырым, кімді күтіп жүрсіңдер? Айтқан уақытта ойнатпайсыңдар ма? Сарғайып күтіп, үміттеніп жүрміз ғой», – деген көпшілік.
Ал тыңдарманның кейбір легі Айгерім Қалаубаева мен Нұрлан Әлімжанның көңіл қосқан-қоспағанын біле алмай әлек. Соңғы кезде үнемі бірге жүргенін желіге салатын дуэттің көпшілікті күдіктендіріп қойғаны бар. Екеуі одан әрі хайп қуғысы келді ме, әлде шындықты айтып құтылғысы келді ме, «Рас па, жаным?» атты ән шығарды. Сиясы кеппеген туындыны қос өнерпаз бейнебаянмен қоса ұсынған.
«Жұпар ғой тәтті демің,
Ғашықпын ғой мен, Айгерім.
Өзіңсің осы өмірдің –
Жарқыраған гүлі әдемім.
«Бақытқа баттым» дедің,
«Ерніңнен таттым» дедің,
Нұрланым, бұзба уәдені», – деп шырқайды олар ән жолдарында.