USD
USD
USD

Ақын Аманжол Әлтай Парламент мәжілісі депутаты болып сайланды

Amanat партиясынан Парламент мәжілісі депутатының бос мандатын партиялық тізім бойынша Аманжол Әлтайға беру туралы шешім қабылданды.

Ақын Аманжол Әлтай Парламент мәжілісі депутаты болып сайланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Amanat партиясының жауапты хатшысы Асхат Оралов Instagram-парақшасында хабарлады. 

"Бүгін Саяси кеңес Бюросының қаулысымен Amanat партиясынан Парламент мәжілісі депутатының бос мандатын партиялық тізім бойынша Аманжол Әлтайға беру туралы шешім қабылданды. Аманжол Әлтайды көптен бері танимын. Тек елге танымал айтыскер ақын ғана емес, халық мүддесі үшін әркез салиқалы сөз түзіп жүрген азамат ретінде де жақсы білемін. Әрқашан елдің жанынан табылып, қиын кезде де партиямен бірге бола білген, ізін басып келе жатқан жастарға ісімен де, сөзімен де үлгі болып жүрген тұлға. Алда әлі талай мақсаттар тұр. Ортақ мүдде үшін нәтижелі жұмыс істейміз деп сенемін", - деп жазды Оралов. 

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық