USD
USD
USD

Ақын Серікзат Дүйсенғазы ұлының соңғы демі үзілген жерді көрсетті

Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы ұлының соңғы демі үзілген жерді көрсетіп, ұзаққа созылған соттың бір отырысы осы жерде өтетінін айтты.

Серікзат Дүйсенғазы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Елікті деген осы міне. Ешқайсысын әлі жаппаған, ашық тұр бәрі. Мойындамайды, Шымбұлақта да, басқа жерде де солай дейді. Соттың алдында да тағы дауласып қалдық. Бізде заң да, иман да, бәрі өте әлсіз екен. Соны байқап отырмын. Бұл жігіттерде әлі иман жоқ. Адам өліп жатса да, орманды қоршауға болмайды деп дау шығарып отыр», – дейді айтыскер ақын.

Ақынның айтуынша, көшпелі сот отырысы жалғасып жатыр.

«Ұзаққа созылған соттың бір отырысы Елікті паркінде жасайын деп жатырмыз. Әлиханымның соңғы көрген жері. Осы жерде көшпелі сот отырысы өтеді. Ардақты ағайын, Әлиханымның соңғы демі үзілген жер. Анау талға соғылған ғой. Айналайын-ай десейші», – дейді ол.

Айта кетейік, 2023 жылдың 2 қаңтарында ақынның 16 жастағы ұлы шаңғы теуіп жүріп, мерт болған еді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж