USD
USD
USD

Ақын Мұхтар Шаханов жансақтау бөліміне түсті

Қазақстанның халық жазушысы, ақын Мұхтар Шаханов денсаулығы сыр беріп, жансақтау бөліміне түсті.

Мұхтар Шаханов
Фото: turkystan.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Мұхтар Шаханов қорының төрағасы Нұржігіт Ысқақ хабарлады. Ол қазақ халқын ақын үшін дұға жасап, тезірек сауығып кетуіне тілекші болуға шақырды.

«Қазір көкеміз 84 жасқа келді. Бірақ денсаулығы сыр беріп, жансақтау бөлімінде жатыр.

Ендеше, құрметті халайық! Көкеміздің тез сауығып, ортамызға оралуы үшін дұға жасап қояйық!» – деп жазды қор төрағасы желіде.

Сондай-ақ, Нұржігіт Ысқақ жазбасында ақын Мұхтар Шахановтың елге жасаған қызметі мен түркі әлемінде алар орнына, ұлт алындағы өлшеусіз еңбегіне тоқталып өтті.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы