USD
USD
USD

Ақын Мұхтар Шаханов Алматыдағы Кеңсай зиратына жерленеді

Қазақтың біртуар ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі 21 сәуірде Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрында өтеді.

Мұхтар Шаханов
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Қазақстан Жазушылар одағы хабарлады.

Одақ таратқан хабарламада марқұмның қонақасы 20 сәуірде, ал жерлеу рәсімі 21 сәуір күні Кеңсай-2 зиратында өтетіні айтылған. 

Айта кетейік, бұған дейін Мұхтар Шахановтың жары Ханшайым Шаханова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ресми өтініш жолдап, Президентке ақынның соңғы аманатын жеткізгені мәлім болды. Онда ақынның өзі көзі тірісінде туыстары арқылы денесін Отырар өңіріндегі Арыстанбаб кесенесі маңына қоюды өтінген.

«Осындай сын сағатта ақынның ең соңғы әрі маңызды аманаты – мәңгілік тыныс табатын жері ретінде ата-бабаларымыздың киелі мекені, Отырар өңіріндегі Арыстанбаб кесенесінің іргесіне жерлену.

 

...Ақынның киелі топырақта жерленуі бұл тек отбасының өтініші ғана емес, бұл ұлттық рухқа, тарихқа және ұлы тұлғаға көрсетілетін зор құрмет деп білеміз», – делінген өтініш хатта.

Ақын, Халық жазушысы Мұхтар Шаханов 19 сәуір күні дүниеден озды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ақынның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар