USD
USD
USD

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Тараз қаласында полицейлер ақын Ербол Бықыбаевты ұстады. Ол терроризмді насихаттады деген күдікке ілінді.

Ербол Былықбаев
Фото: Ербол Былықбаевтың Instagram-парақшасынан скрин

Астана, NEGE. Бұл туралы заңгер Дәулетхан Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Тараз қаласында Ербол Бықыбаев ақынды қамауға алыпты. Қылмыстық кодекстің 256-бабының екінші бөлігімен, яғни терроризмді насихаттау бойынша күдікпен ұстап отыр. Бұл бап бойынша жаза өте ауыр. Жеті жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – деді заңгер.

Заңгер ақынның ұсталуына әлеуметтік желіде тараған видеоролик себеп болуы мүмкін екенін айтты.

Видеода Ербол Бықыбаев пайғамбар мен Аллаға тіл тигізген адамдарға қатысты қатал пікір білдірген. Ол тіпті мұндай адамдарды өлтірген жағдайда да өкінбейтінін айтқан.

Ербол Бықыбаев әлеуметтік желіде өткір өлеңдерімен танылған. Ол әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды, соның ішінде Шерзат Полаттың ісін шығармашылығына арқау еткен.

Адвокаттың сөзінше, ақын 48 сағатқа дейін ұсталып, кейін оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі тергеу сотында қаралуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап