USD
USD
USD

Әкімнің орынбасары депутат болды

Орталық сайлау комиссиясы Парламент сенаты депутаттары сайлауының алдын ала қорытындыларын жариялады.

Әкімнің орынбасары депутат болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қостанайда Сенат депутаты болып облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюк алды.

Облыс орталығындағы Жастар сарайында өткен сайлаудың қорытындысы бойынша ол сайлаушылардың 87,21 пайызын (225 дауыс) алды.

Айта кетейік, карантинге байланысты сайлауда халықаралық бақылаушылар болмады, тек отандық бақылаушылар қатысты.

Сергей Карплюк 1968 жылы туған. Сенат депутаттығына оны Денисов және Б.Майлин аудандық мәслихаттарының депутаттары ұсынған.

Барлығы Сенат депутаттығына үміткерлер тізімінде 3 адам болды.

Олардың екеуі – депутаттыққа өзін-өзі ұсынған «Жас Қанат - 2006» ЖШС өндірісті дамыту жөніндегі директоры Александр Коростылев, Рудный балалар үйінің директоры – Павел Коваль.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Александр Малашконың ақпараты бойынша, төртінші тіркелген кандидат профессор Әлімжан Бекмағамбетов сайлауға екі апта қалғанда өз кандидатурасын алып тастаған.

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Ақорда

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған

Халық банк

Астанада «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы сатыла ма?

Хан шатыр

Қазгидромет 11–13 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Ауа райы