USD
USD
USD

Әкімге «жала жапты» деп айыптады

Жамбыл облысы Бесағаш ауылдық округінің тұрғыны Абай Жүндібаевты сот округ әкімі Бейбіт Нығматуллаевқа «жала жапқаны» үшін айыпты деп таныды, деп хабарлады ҚазТАГ  «Азаттық радиосына» сілтеме жасап.

Әкімге «жала жапты» деп айыптады
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. «Жамбыл облысы Жамбыл аудандық соты 26 ақпанда Бесағаш ауылдық округінің тұрғыны Абай Жүндібаевты Қылмыстық кодекстің 130-бабының ("Жала жабу") 2-тармағы ("Көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған іс-әрекет") бойынша айыпты деп тауып, бір жылға шартты түрде бостандығын шектеді. Жүндібаевты ауыл әкімі Бейбіт Нығматуллаев "жала жапты", "қорлады" деп сотқа берген», - делінген бейсенбідегі хабарда.

Хабарда атап өтілгендей, сотта оның "қорлағаны" дәлелденбеген.

Айыпталушы сот үкімімен келіспейтінін, апелляциялық шағым түсіретінін айтты. Ал әкім Нығматуллаев үкімді «дұрыс» деп санамайтынын мәлімдеді. «Кішкентай балалары бар, түрмеге қамап, айыппұл салғаннан гөрі осы үкім әділ болды. Ол жалған сөзіне жауап беруі керек», - деп мәлімдеді әкім.

Шенеуніктің айтуынша, "Жүндібаев мені ауылдағы ғимаратты сатып, қарағаштарды заңсыз кесіп тастады деп жала жауып, желіде видео таратты, жеке басымды қорлады» деп айыптаған. Әкім "тұрғынның Facebook желісіндегі жазбасынан кейін жауапты органдар тексеріп, ешқандай ілік таппағанын" айтады.

Жүндібаев видео жариялағанын жоққа шығармайды. Ол «қоғам мәселесін ашық айтып жүрген белсенділігім әкімге ұнамағандықтан сотқа шағымданды" деп санайды.

Еске салсақ, 2019 жылдың 19 желтоқсанында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аталған екі баптың Қылмыстық кодекстен Әкімшілік кодекске ауыстырылатынын айтқан болатын.

Қазір оқып жатыр

Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы дебюттік голын соқты

.

БҚО-дағы аурухана қатерлі ісікке шалдыққан науқастың отбасына 1,4 млн теңге өтемақы төлемек

Науқас

Байжансайдағы оқиға: депутат қамауға алынды

ү

ERG Бразилиядағы темір кені активтерін сатуға жақын – БАҚ

ERG