USD
USD
USD

Әкімдіктің лауазымды тұлғасы парамен ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Петропавл қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі басшысының қылмыстық әрекетінің жолын кесті,

Әкімдіктің лауазымды тұлғасы парамен ұсталды
Фото: NEGE.kz

деп хабарлайды zakon.kz.

Петропавл. NEGE. Лауазымды тұлға мемлекеттік нысандардың бірін күзету бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін күзет агенттіктерінің бірінің директорынан 150 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мән-жайы тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, сот шығарады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy