USD
USD
USD

Әкімдіктің лауазымды тұлғалары адам саудасымен айналысты деген күдікке ілінді

Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет адам саудасы фактісі бойынша "Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Sputnik.

Әкімдіктің лауазымды тұлғалары адам саудасымен айналысты деген күдікке ілінді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет адам саудасы фактісі бойынша "Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

"Олар облыстағы әлеуметтік мекемелердің бірінде мемлекет қамқорлығында болған әрекетке қабілетсіз азамат М.-ны Нұр-Сұлтан қаласындағы қарттарға арналған жеке пансионатта тегін жұмыс күші ретінде пайдалануға жіберді деген күдікке ілінді", - деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Күдіктілердің бірі сот санкциясымен үйқамаққа алынды.

Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешім тергеу нәтижелері бойынша қабылданады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтерді жарияламады.

Қазір оқып жатыр

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.

Іскерлік кеңес: Шаруалардың жай-күйі «Әділет» партиясының назарында

.