USD
USD
USD

Әкімдік «Қазфосфат» ЖШС жұмысшыларының ереуіліне қатысты пікір білдірді

Әкімдік өкілдері "Қазфосфат" зауыты жұмысшыларының ереуілі түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әкімдік «Қазфосфат» ЖШС жұмысшыларының ереуіліне қатысты пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметінше, "Қазфосфат" ЖШС (НДФЗ) жұмысшылары өздеріне қатысты айтылған өрескел мәлімдемеге байланысты жиналған. Оны айтқан қызметкер "Қазфосфат" ЖШС цифрлық трансформация бөлімінің басшысы.

"Нәтижесінде зауыт аумағына 200-ден аса жұмысшы жиналып, олар жұмыскердің көпшілік алдында кешірім сұрап, жұмыстан шығарылуын талап етті. Бұл жерге облыс әкімінің бірінші орынбасары Календеров, облыс прокурорының орынбасары Ұласбекұлы және облыс ПД өкілдері, сондай-ақ аудан прокуроры мен әкімі болды. Жиналғандар алдында аудан прокуроры М.Естаев сөз сөйлеп, кәсіпорын басшылығының атқарып жатқан шараларынан хабардар етіп, тәртіпті сақтауға шақырды", - делінген хабарламада.

Қызметкер көпшілік алдында жұмысшылардан кешірім сұраған. Ол жұмыс берушінің бұйрығы бойынша, теріс негіздер бойынша жұмыстан босатылғаны айтылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті