Әкімдік газдың 120 теңгеге сатылып жатқанын жоққа шығарды
Әлеуметтік желілерде Риддер қаласында сұйытылған газдың бағасы литріне 120 теңге болғаны туралы бейнеролик таратылып жатыр.
Риддер әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stopfake.kz.
Алматы. NEGE. Әкімдіктің айтуынша, 2022 жылғы 14 қаңтарда Риддерде жанармай құю бекетінде автогаздың құны литріне 120 теңге деп көрсетілгені туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды.
«Риддер қаласы Хлебный тұйық көшесі, 3 мекен жайы бойынша орналасқан АГҚС-да сұйытылған газ, 2022 жылғы 14 қаңтардағы жағдай бойынша, литріне 60 теңгеден сатылып жатыр», – деп хабарлады ведомстводан.
Бұл ақпаратты Риддер қаласы газ шаруашылығының директоры Александр Федоров та растады.
Қазір оқып жатыр
2,6 млрд теңге субсидия заңсыз алынған: экс-депутаттың ісі сотқа жолданды
«Алтыншы күн қатарынан комада жатыр»: Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады
Қазақстан гуманитарлық көмек ретінде Ресейге 50 мың тонна бензин жіберуі мүмкін
«Кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді бопсалаған»: Шымкентте блогер ұсталды