USD
USD
USD

Әкімдік Алматыда автобустың өртену себебін түсіндірді

Әкімдік Алматыда автобустың өртену себебін түсіндірді.

Әкімдік Алматыда автобустың өртену себебін түсіндірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға Төле би көшесі мен Шығыс айналма жолының қиылысында болған. Өрт болған сәтте қоғамдық көлікте жолаушылардың болмағаны анықталды.

Алматы қаласының қалалық мобильділік басқармасының мәлімдеуінше, техникалық ақауды байқаған жүргізуші нұсқаулыққа сәйкес автобустағы жолаушыларды аялдамаға түсіріп кеткен.

Осыдан кейін ол автобусты автотұраққа апармақ болған. Әл-Фараби даңғылының бойымен келе жатып, автобустың қозғалтқыш бөлігінде өрт шыққан. Жүргізуші өрт сөндіргішті пайдаланып, өз бетімен өртті сөндіруге әрекеттенген, бірақ біраз уақыттан кейін жарылыс болған.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері таңғы сағат 8:45-те өртті оқшаулап, 8:50-де өртті толығымен жойды. Мәліметтерге сәйкес, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиға орнында құзіретті өкілдер жүр.

"Айта кетейік, өрт стандартты пайдалану мерзімі аяқталуға жақын қалған "ЛиАЗ" автобусында болды. Автопарктің техникалық жағдайын жоспарлы тексеру кезінде осы маркалы автобустардың тозуының жоғары деңгейі анықталды. Осыған байланысты, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасы мен жолаушылардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында автопарк ескіргендерін ауыстыру үшін жаңа жылжымалы агрегаттарды сатып алуды жоспарлап отыр", - деді әкімдік өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті