Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Әкімдік «Алакөлдің 60 гектарын құрғату» бойынша түсінік берді

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бұған дейін БАҚ-та ж

Әкімдік «Алакөлдің 60 гектарын құрғату» бойынша түсінік берді
Фото: NEGE.kz

арияланған "Алакөл көлінің 60 гектарын" құрғату жоспары туралы ақпаратқа түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы, NEGE. Таяуда облыстың экологтары дабыл қаққан еді. Олар көлдің 60 гектарын құрғату қоршаған ортаға қауіпті деп санаған.

"Олар онда бір қонақ үй салады дейді. Жабайылық, өйткені бұл ерекше көл. Бос жерлер көп бола тұра оның бетін құрғату ақымақтық. Үлкен шығындардан басқа, мұның бәрі қалай бағаланғаны және не үшін жасалып жатқаны белгісіз", - деген еді эколог Дәулет Асанов. 

ШҚО әкімдігі шынымен де 2025 жылға дейінгі туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Алакөл көлінің жағалауын дамыту көзделіп отырғанын түсіндірді.

Осыған сәйкес жаңа даму аймағын қалыптастыру үшін 60 гектар жерді игеру (құрғату) жоспарланып отыр. Бірақ бұл жердің бір бөлігі батпақта жатыр.

"Жоспарланған учаскенің шекарасынан Алакөлге дейінгі қашықтық 200 метрден асады. Сондықтан көлдің 60 гектарын құрғату туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", - деді әкімдіктегілер. 

21 наурыз, жексенбіде, облыстық әкімдікте жауапты органдармен кездесу және жобаны талқылауға эколог Асанов та қатысқан.

"Жоба мен бастапқыда ойлағаннан мүлдем өзгеше екеніне көз жеткіздім. Яғни жоба көлге қатысты емес. Біз жобалық материалдарды қарадық, жобалық шешімдерді көрдік, Су ресурстары комитеті қате ақпарат таратқан, яғни көлдің өзін емес, жағалауын құрғату туралы айтып отырмыз", - деді Асанов.

Қазір оқып жатыр

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark