USD
USD
USD

ӘКІМ САҒАТЫ: «ТӨЛЕМ» ЖҮЙЕСІМЕН КҮНІНЕ 280 МЫҢ ТРАНЗАКЦИЯ ЖАСАЛУДА

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Ońtústik» телеарнасының «Әкім сағаты» бағдарламасында қаладағы атқарылған жұмыстар жөнінде баяндап, тұрғындармен тікелей байланысқа шықты. 

ӘКІМ САҒАТЫ: «ТӨЛЕМ» ЖҮЙЕСІМЕН КҮНІНЕ 280 МЫҢ ТРАНЗАКЦИЯ ЖАСАЛУДА
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Онда, өткен жылы ашықтықты қамтамасыз ету, қоғамдық көліктердің қызметін жақсарту, қызмет сапасын көтеру мақсатында іске қосылған электронды төлем жүйесіне тоқталды.

Қоғамдық көліктер «Төлем» электронды жүйесіне өткен жылдың 15 қазанынан бастап көшкен-ді. Бүгінгі күнге дейін 370 786 төлем картасы алынған болса, 85 пайыздан астам транзакция электронды картамен жасалды.

370 786 картаның 106 100 - оқушылар картасы, 30 686 - студенттік, 234 мыңы стандартты карта. Қазір күніне орташа есеппен «Төлем» жүйесінің негізінде автобус жолаушыларының транзакциясы 280 мыңға жетті.

«Төлем» фронт-офисінде жоғалған картаны қайта шығаруға өтінім бергенде жаңа картаны алғанға дейін тұрғындарға қолайсыздық тудырмау үшін уақытша анықтама берілетін болды. Осы анықтама бойынша оқушы 35/50 теңге тарифі бойынша жүре алады. Карталар Алматыда жасалатын болғандықтан, 10-15 күн ішінде дайын болады. Фронт-офис Әл-Фараби №9 Жастар ресурстық орталығында орналасқан.

Сондай-ақ, шаһар басшысы тұрғындарға сапалы әрі тұрақты қызмет көрсетуді жүйелендіру мақсатында автобустарды онлайн режимінде көруге арналған «I-kolik» мобильдік қосымшасы пайдалануға берілгенін жеткізді. Қазіргі уақытта 82000 адам аталмыш бағдарламаны қолдануда. Бағдарлама қала маршруттарының gps трекерлер арқылы орналасқан жерін көрсетеді. Мобильді қосымшаны «app store» және «play маркет»-тен тегін жүктеп алуға болады.

Төлем жүйесі, қоғамдық көлік қызметінде, әр бағыттың жағдайын айқындауға, толымдылығын білуге септігін тигізсе, субсидиялау аймағын нақтылауда маңызды құралға айналды.

Қазір оқып жатыр

​Серікқали Брекешевке жаңа қызмет бұйырды

Серікқали Брекешев

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды

.

Астанада кішкентай баланың туберкулезді қайдан жұқтырғаны анықталып жатыр

Аурухана

КҚК мұнай қабылдауды қайта бастады

КҚК шабуылы