USD
USD
USD

Әкім орынбасары ұсталды

Түркістан облысында әкім орынбасары ұсталды. Жетісай қаласы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. 

Әкім орынбасары ұсталды
Фото: NEGE.kz

  Алматы, NEGE. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Жетісай қаласы әкімінің орынбасарын құрықтады.

№1 департаменттің аға тергеушісі Данияр Бигайдаровтың айтуынша, кеше, 12 ақпан күні Түркістан облысының Жетісай қаласы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Ол жергілікті кәсіпкерден жер учаскесін бергені үшін 530 000 теңге көлемінде параның бір бөлігін алды деген күдікке ілінді.

«Тергеу шаралары жалғасуда. Күдіктіге қатысты шешімді және айыптың деңгейін сот анықтайды», –  деді Бигайдаров астанада өткен баспасөз мәслихатында. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауовтың ісі бойынша ақпарат жариялау жоспарланып отырғанын хабарлады. Қазіргі кезде қосымша фактілер мен күдіктілер анықталып жатқаны айтылды. 

15 қаңтарда ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысының бұрынғы басшысы Болат Бақауовқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген болатын.

Қазір оқып жатыр

Шымкенттегі Нұрай Серікбайдың қазасы бойынша тергеу аяқталды

Нұрай Серікбай

Алматыдағы «Байсат» базары әкімдік меншігіне өтуі мүмкін

Байсат

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентіне тағы 30 жыл жаза кесілді

 Юн Сок Ёль

ЕҰУ профессоры Президентке видеоүндеу жолдап, тұрғын үй дауына байланысты көмек сұрады

.