USD
USD
USD

Ақылы жолдың ақысын төлемеген жүргізушілерге қанша айыппұл салынады

Көлік министрлігі ақылы автожолда төлем жасамағандарға қанша айыппұл салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақылы жолдың ақысын төлемеген жүргізушілерге қанша айыппұл салынады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Министрліктің автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті ақылы жол учаскесімен жүру ақысын күнтізбелік 7 күн ішінде төлеу қажет екенін еске салды. Әйтпесе 8-ші күні "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" Кодекстің 628-бабына сәйкес жол ақысын төлемеген жағдайда әкімшілік айыппұл есептеледі.

«Жеке тұлғалар үшін айыппұл мөлшері – 5 АЕК (2023 жылы 17 250 теңге), ал заңды тұлғалар үшін – 10 АЕК (34 500 теңге) құрайды. Әкімшілік жауапкершіліктің алдын алу үшін автокөлік иелері мен жүргізушілер ақылы автомобиль жолымен жүру ақысын уақтылы төлеуі қажет», - делінген хабарламада.

Ведомство ақпаратынша, төлем жасаудың 20-дан астам әдісі қарастырылған. Атап айтқанда, QAJ mobile мобильді қосымшасы, Kaspi.kz, Kiwi-әмиян, Forte Bank арқылы және тағы басқа.

Сонымен бірге министрлік берешегі бар көлік иелерін тарифке сәйкес қарыздарын өтеуге шақырды.

Қазір оқып жатыр

Binance криптобиржасына хакерлік шабуыл жасалды

СryptoCity

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov