Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ақылы жолдар пайдасы

2019 жылы еліміздегі төрт ақылы учаскеден 5 389 млн теңге қаражат түскен, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.

Ақылы жолдар пайдасы
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгінгі күні елімізде жалпы ұзындығы 682 шақырымды құрайтын 4 ақылы учаске бар. Бұл Нұр-Сұлтан-Щучинск, Нұр-Сұлтан-Теміртау, Алматы-Қапшағай және Алматы-Қорғас автожолдары.

Ақылы учаскелердегі төлемақы мөлшері Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен, автокөліктің жүк көтергіштігіне байланысты бекітілген.

Өткізу пунктінде кептелісті болдырмас үшін алдын-ала төлем жүйесі енгізілген. Жеңіл автокөліктер үшін арнайы дифференциалды тариф те бар.

Яғни, алдын-ала төлем жасаған автокөліктердің төлемақысы екі есе арзан. Сондай-ақ, ақылы автожолдың маңайындағы елді мекендерде тіркелген автокөліктерге құны 1000 теңгені құрайтын 1 жылдық абонемент қарастырылған.

2019 жылдың қорытындысы бойынша төрт ақылы учаскеден жиналған қаражат 5 389 млн теңгені құрады.

Оның ішінде: «Нұр-Сұлтан-Теміртау» – 1 729 млн теңге, «Нұр-Сұлтан-Щучинск» – 1 700 млн теңге, «Алматы-Қорғас» – 988 млн теңге және «Алматы-Қапшағай» – 972 млн теңге.

Сондай-ақ, бір жыл ішінде (2019 жылы) барлық ақылы учаске бойынша 10,5 млн автокөлік жүріп өткен.

Осылайша, жиналған 5 389 млн теңге және 77,8 млн теңге көлеміндегі қосымша табыс төмендеглерге жұмсалды:

– 2 690,1 млн теңге автожолды күтіп-ұстау және жөндеуге;

– 1 401,3 млн теңге бағдарламалық-аппараттық кешенді күтіп-ұстауға;

– 594,6 млн теңге қосымша құн салығы мен корпоративтік табыс салығына;

– 14,2 млн теңге қосымша шығындарға;

–543,4 млн теңге жол-пайдалану техникасы мен төлем қабылдау пунктіне қажетті жабдықтарға;

– шығыннан артылған 223,2 млн.теңге көлеміндегі қаражат республикалық бюджетке аударылды.

2019 жылы бағдарламалық-аппараттық кешенді жөндеу және күтіп-ұстау, сондай-ақ, «Нұр-Сұлтан-Щучинск» ақылы автожолын жөндеу және күтіп-ұстау бойынша жұмыстарды «Ақылы автомобиль жолдары Дирекциясы» филиалы жүргізді.

Ал, «Нұр-Сұлтан-Теміртау», «Алматы-Қапшағай» және «Алматы-Қорғас» учаскесіндегі жұмыстарды «Қазақавтожол» ЖШС мердігер ұйымы жүзеге асырған.

Қазір оқып жатыр

«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге 350 грант бөлді

Білім гранты

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.