USD
USD
USD

Ақылы жолдан түскен қаражат қайда жұмсалады?  

 «QazAvtoJol» ақылы жолдан түскен қаражат қайда жұмсалатынын айтты.

Ақылы жолдан түскен қаражат қайда жұмсалады?   
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қаражат ақылы жолдарды ұстауға кетеді. Жол – жыл бойы демалыссыз жұмыс істейді. Ақылы жолдарға төленетін ақша қыста ақылы жолды тазартуға, қар жинайтын құрылымдарды орнатуға, қосымша қарауға және күзетуге жұмсалады. Көктемде су тасқыны байланысты жұмыстарға, су өткізгіштерді тазарту жұмыстарына жұмсалады. Жаз мезгілінде жол белгілерін қолдану, жол белгілерін ауыстыру, қоқыстарды жинау, демалыс орындарын тазарту және басқа жұмыстарға жұмсалады», – дейді «QazAvtoJol» ҰҚ» АҚ Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы филиалының директоры Марат Сүлейменов Instagram әлеуметтік желісіндегі @kazautozhol парақшасының тікелей эфирінде.

Ол балама жолдарға қатысты сұрақтарға да жауап берді. «Жолдар туралы» заңның 5-бабына сәйкес, кез келген қолданыстағы баламалы жолмен жүру мүмкіндігімен ақылы жолдың басталу және аяқталу нүктелері көрсетілуі керек. Осылайша, Заңда баламалы жол болмаған жағдайда ақылы негізде жолды пайдалануға шектеулер қарастырылмаған. Алайда қолданыстағы төрт ақылы учаскеде баламалы жолдар бар», – дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

.

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

.

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

.

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

.