USD
USD
USD

Ақылы жол көбейеді

Қазақстанда ақылы көлік жолдары 2020 жылы сегіз есе көбейеді

Ақылы жол көбейеді
Фото: NEGE.kz

, 682 шақырымнан 5,7 мың шақырымға дейін, деді ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов.
Алматы, NEGE. «2020 жылдың қорытындысы бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында слайдта көрсетілген индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізу жоспарланған: жағдайы жақсы және қанағаттанарлық республикалық маңыздағы көлік жолдарының 89%-ы және облыстық және аудандық маңыздағы жолдардың 71%-ы; өзін-өзі ақтайтын ақылы жолдардың 682 км-ден 5,7 мың км. дейін өсуі; Ұлттық стандартқа сәйкес жол сервисі нысандарымен көлік жолдарын қамтамасыз ету 49%-дан 58%-ға дейін; транзит тасымалын темір жол көлігімен қамту көлемін 19%-ға арттыру және 20,9 млн тоннаға дейін жеткізу, 2019 жылдың қорытындысы бойынша 17,5 млн тонна тасымалданған», - деді Атамқұлов сейсенбідегі үкімет отырысында.
Сондай-ақ, ол атап өткендей, контейнерлік транзит көлемін жиырма футтық эквивалентте 842 мың контейнерге дейін өсіру жоспарланған. 2019 жылы бұл көрсеткіш 664 мың құрады.
«Транзиттік авиажолаушылар санын 1,2 млн. адамға дейін жеткізу және әуе көлігімен жалпы тасымалданған жолаушылар санын 9,1 млн адамға жеткізу. Бұл мәліметтер (коронавирус-ҚазТАГ) пандемияға байланысты қайта қаралатын болады», - деді ИИДМ басшысы.

Қазір оқып жатыр

«Есіктен есікке дейін»: өңірлерде «Әділет» партиясының сайлауалды акциясы өтіп жатыр

.

Никол Пашинян үкіметтің отставкасы туралы өтінішке қол қойды

Никол Пашинян

Алматыда жасөспірім қыз есірткі таратты деген күдікпен ұсталды

.

Тоғыз күнде 1500 шақырым: «Әділетті Қазақстан үшін» керуенінің аралық қорытындысы қандай?

.