USD
USD
USD

Ақылы жолдардағы төлем жасау ережелері жеңілдетілмек

Көлік министрлігі ақылы тасжолдардағы төлем жасау тәртібіне қатысты ережелер жаңартылып жатқанын хабарлады.

Ortcom
Фото: Ortcom

Астана, NEGE. Министрліктің нақтылауынша, жаңартылған тәсілдер жүргізушілерге төлемді уақытылы іске асыру үшін қосымша уақыт пен мүмкіндіктер ұсынып, төлем жасау үдерісін барынша ыңғайлы әрі түсінікті етпек.

Қолданыстағы нормаға сәйкес, жүргізуші жолақысын жеті күнтізбелік күн ішінде төлемесе, сегізінші күні материалдар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес белгіленген тәртіппен көлік бақылау органдарына жолданады.

«Алдағы уақытта жеңіл әрі ыңғайлы механизм енгізіледі: егер жеке тұлға жолды пайдаланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде төлем жасамаса, материалдар отыз бірінші күні Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне сәйкес көлік бақылау органдарына жолданады», – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Бұған қоса, бұрынғы тәртіпте жеке және заңды тұлғаларға бөлек талаптар қарастырылмаған болса, енді заңды тұлғалар үшін жеке механизм енгізіледі.

«Жаңа нормаға сәйкес, егер заңды тұлға есептік кезеңнен кейінгі айдың 20-сына дейін төлем жасамаса, материалдар келесі күні көлік бақылау органдарына жолданады», – дейді Көлік министрлігіндегілер.

Ұсынылып отырған өзгерістер жүргізушілерге төлем жасау үдерісін ыңғайлы етуге, төлем мерзімін ұлғайтуға және объективті себептерге байланысты төлем жасалмаған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылу қаупін азайтуға бағытталған.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Арай Есенбек

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

.

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

әділет партия

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Ержан Бабақұмаров