USD
USD
USD

«Әкеңді танытам, Андраде!» Жәнібек Әлімханұлы чемпионға доқ көрсетті

Орта салмақтағы жанып тұрған Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андрадені тағы бір түйреп тастады.

«Әкеңді танытам, Андраде!» Жәнібек Әлімханұлы чемпионға доқ көрсетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 30 мәрте рингке шығып ешбірінде жеңілмеген, 18 кездесуін мерзімінен бұрын аяқтаған Андрадеге қарата біздің Жәнібек былай деді:

«Әй, Эдди Хирн, чемпионың Андрадені маған берші. Мен оны еш қинамай, титулынан тез-ақ айыра салайын! Мен – өз дивизионымның королімін!».

Жәнібек айтқандай-ақ бар, ол осы уақытқа дейін 10 кездесу өткізіп, оның алтауын нокаутпен бітірді. Соңғы кездесуінде бұрынғы әлем чемпионы Роб Брантты сұлатып тастады.

Жәнібек жолдауын Эдди Хирнге қарата айтқан себебі, Хирн – біздің чемпион Гена Головкиннен бөлек, Деметриус Андрадемен,  Джеремалл Чарломен және Риота Муратамен әріптестік жасайды.

Біздің жігіттің шақыртуын Андраде қабылдай ма, жоқ па, әзірге белгісіз. Өйткені, кәсіпқой бокс – қып-қызыл бизнес.  

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

.

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Арай Есенбек

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

.

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

әділет партия