USD
USD
USD

«Әкемнің зиратына барып кетсем ғой». Лукашенко Бакиевтің арманын айтты

Беларусь президенті Александр Лукашенко Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев туралы айтты, деп жазады БЕЛТА басылымы.

экс-президент
Фото: Akipress агенттігі

Астана, NEGE. Лукашенконың сөзінше, Беларусьте тұратын Құрманбек Бакиевтің жағдайы жақсы. Әрі қарай да сол елде қалуы мүмкін. 

«Бакиев жақсы өмір сүруде. Барлығы қалыпты. Біз оны сіздерге (Қырғызстанға) енді жібермейміз. Мен оған «Ешқандай сапарлар жоқ, жетті! Беларусьте өмір сүр» дедім. Қалыпты өмір сүруде. Кейде ол шақырғанда қонаққа барамын»,  –деді Беларусь президенті.

Алайда, Бакиев өз елін қатты сағынып, қиналатынын айтыпты. Лукашенконың сөзінше, экс-президент әкесінің зиратына баруды армандайды. 

«Маған үнемі:«Әкемнің зиратына барып кетсем ғой» деп айтады. Оны қазіргі басшылықпен шешеміз деп ойлаймын», – деді Беларусь президенті.

Айта кетейік, Құрманбек Бакиев 2005 жылдан 2010 жылға дейін Қырғызстанның президенті қызметін атқарған.

2010 жылы елдегі көтеріліс кезінде оппозиция президент резиденциясына шабуыл жасады. Бакиев бастапқыда Қырғызстанның оңтүстігіне қашып, кейін Қазақстанға барған, сол жерде отставкаға кету туралы өтініш жазды.

Кейін ол Беларусьте саяси баспана алған.

Қазір оқып жатыр

Рақымшылық аясында жалпы сомасы 22 млрд теңгеден асатын айыппұлдар кешірілді

әкімшілік айыппұл

Тоқаев: «Қытай Қазақстан экономикасына 30 млрд доллардан астам инвестиция салды»

Қытай

СҚО-да бюджет қаражатын жымқырғаны үшін ауылдық әкімдік бухгалтерлері сотталды

бюдже қаржысын жымқыру

«Семей орманы» резерватында өрт шықты

өрт