Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Әкемнің көзқарасын ешқашан қолдаған емеспін»: Бейбіт Әлібеков мәлімдеме жасады

Кәсіпкер әрі блогер, Respublika партиясы атынан Құрылтай депутаттығына үміткер Бейбіт Әлібеков әлеуметтік желіде әкесінің пікірлеріне байланысты туған дауға жауап берді.

.
Фото: Бейбіт Әлібеков/Instagram

Астана, NEGE. Ол әкесінің көзқарасын қолдамайтынын және оның айтқан сөзі үшін жауап беруге міндетті емес екенін мәлімдеді.

«Бәріміз ата-ананы таңдамаймыз, олар да бізді таңдай алмайтыны анық. Әкемнің көзқарастары мен пікірлерін ешқашан қолдаған емеспін және бұл туралы бірнеше рет ашық айттым. Әкем және мен – екі бөлек тұлға екенімізді ұмытпаған жөн шығар», – деп жазды Әлібеков Threads желісінде.

Оның айтуынша, әр адамның өз ұстанымы мен пікірін айтуға құқығы бар. Алайда өзі тек жеке сөзіне, іс-әрекетіне және көзқарасына жауап бере алады.

«Баласы әкесінің айтқан сөзі немесе жасаған әрекеті үшін жауап беруге тиіс емес деп ойлаймын. Сондықтан мен саналы, жасы келген тұлғаның пікірі үшін ақталуға құқығым жоқ. Менің өз пікірім, өз өмірім және өз жауапкершілігім бар. Ол үшін толықтай жауап беруге дайынмын», – деді ол.

Бұған дейін Бақыт Әлібеков Facebook парақшасында қазақ қоғамында дау тудырған бірқатар жазба жариялаған. Мәселен, ол Алтын Орданы «паразиттік құрылым», ал қазақтарды «қазанбастар» деп атап, Ресей мен Украинадағы соғысқа қатысты жазбаларында Ресейдің ұстанымын ашық қолдаған.

Қазір оқып жатыр

«Бақытжан Базарбек адамды қағып кетті» деген ақпарат тарады: полиция не дейді?

Базарбек

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.