USD
USD
USD

«Әкемнің көзін құрту үшін бұл апат әдейі ұйымдастырылуы мүмкін»

Осыдан тура 7 жыл бұрын, 2012 жылдың 25 желтоқсанында Шымкент түбінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің басшылары мінген Ан-72 ұшағы апатқа ұшырады. «Оңтүстік» аймақтық шекара қызметінің 25 шенді офицері болған ұшақта сол кездегі ҰҚК Шекара қызметінің басшысы Тұрғанбек Стамбеков те болған еді. Бүгін Стамбековтың ұлы Алмас ұшақ апатында көз жұмған әке-шешесі туралы Tengrinews.kz сайтының тілшісімен тілдесті.

«Әкемнің көзін құрту үшін бұл апат әдейі ұйымдастырылуы мүмкін»
Фото: NEGE.kz

«Әке-шешемнен айырылған күн мен үшін – ең ауыр күн. Апатқа ұшыраған ұшаққа әке-шешем кездейсоқ мінген. Сол күні Астанада (Нұр-Сұлтан) әскери кеңестің жылдық қорытындысы өткен. Еліміздің барлық аймағынан командирлер қатысты. Кеңестен кейін әр өңірдің аймақтық басқарма қызметкерлері өз ұшақтарымен ұшып кететін болған. Әкемнің келесі күні Ташкентте маңызды кездесуі жоспарланып, соған асығады. Өзі ұшуы керек болған ұшаққа мінбей, шешем екеуі «Оңтүстік» аймақтық шекара қызметінің офицерлерімен бірге ұшқан. Шешем де пойызға алған билетін өткізіп, әкеме ерген», – деп еске алады Алмас.

«Қайғылы жағдайдың түрлі себептері болуы мүмкін. Мен диспетчер мен ұшқыштың радиобайланыс арқылы сөйлескен әңгімесін тыңдадым. Диспетчер жағдайды қатаң бақылап, ұшақтың ұшу биіктігін өзгертуге бұйрық беруі керек еді, олай істемеген. Әйтпегенде, ақауы бар машинаны да қондыруға болар ма еді?! Бұл істе кереғарлық көп. Сол үшін де диспетчер төрт жылға сотталды.., бәлкім, қазір түрмеден босап та шыққан шығар.

Әкемнің көзін құрту үшін бұл апат әдейі ұйымдастырылуы да мүмкін деп ойлаймын. Бұл - өз болжамым. Өйткені, ол Астанаға қызметі ауыспас бұрын «Оңтүстік» аймақтық шекара қызметін басқарды. Ол дегеніңіз, заңсыз контрабанда тоқтаусыз өтетін негізгі арна еді, әкем солардың бәрінің жолын жапты. Сол ісі үшін де кейбір кісілерге ұнамауы мүмкін...»

Бұдан өзге, Алмас Стамбеков әке-шешесі жөнінде көптеген жылы естеліктер айтады. Тұрғанбек Стамбеков 2000 жылы Ресей ФСБ академиясын үздік бітіргенде, президент Владимир Путиннің өзінен арнайы шақырту алған. «Мен өз Отаныма қызмет етуім керек» болыпты, марқұм полковниктің жауабы...

Қазір оқып жатыр

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

.

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

.

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жедел жәрдем

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

.