USD
USD
USD

Әкелердің декреттік демалысы зейнетақы тағайындау кезінде есепке алынады

Енді елімізде жұмыс істемейтін әкелердің декреттік демалысы зейнетақы тағайындау кезінде есепке алынатын болады, сондай-ақ жұмыс берушінің бастамасымен жалғызбасты ата-аналармен еңбек шартын бұзуға тыйым салынады.

freepik.com
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Депутаттар қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері туралы заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

«Қабылданған заң аясында кәмелет жасына толмаған балаларға нақты күтім жасаған уақыт енді жұмыс істемейтін әкелердің жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде еңбек өтіліне есептелетін болады. Тиісті нақтылаулар Әлеуметтік кодекске енгізіледі», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар депутаттар жұмыс берушінің бастамасымен жалғызбасты ата-аналарға (жынысына қарамастан) қатысты еңбек шартын бұзуға тыйым салуды ұсынған.

Осыған байланысты «жалғызбасты аналар» ұғымы «жалғызбасты ата-ана» деп өзгертіледі.

Қазір оқып жатыр

Temu-дың табысы төмендеп барады – сарапшылар

Temu

Ақмола облысында 20 гектардан астам аумақ өртке оранды

Ақмола облысы

Қазақстанда бөлшек кредит нарығының өсімі баяулаған

Тұрғын үй

Астанада мұнаралы кран құлап, краншы қаза тапты

Кран