«Әке деп атамаймыз деді»: Жанель Мақажан күйеуінің балаларымен арақатынасы туралы айтты

Жанель Мақажан күйеуі мен балаларының арақатынасы туралы ашық айтты. Актриса екінші жолдасының жақсы әке, жақсы жолдас екенін білдірді. Некеден кейінгі өміріне тоқталды.
Алматы, NEGE. «Менен Абай мен балаларымның арақатынасы туралы сұрайтындар көп. Шынымды айтсам, бұрын екі балам да ешкімді әке деп атамаймыз дейтін. Ал Абай екеуміз некелескен соң қызым келіп «әке» деп атады. Одан кейін ұлым Құлмұхамед те «әке» деді. Оны естіп Абай мәз болды. Балалар екеуінің арақатынасы бірінші күннен жақсы болды. Балалар да адамның жақсысын біледі ғой. Абайдың көңілі босады. Көзіне жас келді. Олардың қатынастары жақсы», – деді актриса әлеуметтік желідегі парақшасында.
«Мен отбасыммен тауда қыдырып жүргенімді, кино көргенімді, тамақ жасап жатқанымды, табиғатқа шыққанымызды, атқа мініп, велосипед тепкенімізді көп елестетемін. Көп ұзамай өмірде сол іске асады. Бастысы армандай білу керек. Алла шын тілесеңіз бәрін береді», – деді Мақажан.
Айта кетейік, актриса өзінің шын махаббатпен тұрмыс құрып жатқанын талай рет айтқан еді.
«Осындай бақытты қыздарымыз көп болғай! Ал қыздарды аялап бақытты ете алатын азаматтарымыз аман болсын!», «Алла бақытты ұзақ ғұмыр берсін. Иншалла тек қуаныш көріңіздер», «Осы Жанель қыздың бақытты болғанын шынымен Аллахтан тілеген едім», «Алла сіздерге ұл-қызды қос қостан берсін», – деп жазды желідегілер.
Айта кетейік, Жанельдің сүйіктісі – актер Абай Асылхан, өзінен 8 жасқа кіші.