USD
USD
USD

Ақбұлақта адамдарды атқан Дужнов өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Алматыда 2021 жылдың 20 қыркүйегінде Алматының Ақбұлақ шағын ауданында бес адамның өліміне қатысты іс бойынша басты сот процесі жалғасуда. Тараптар әлі айтысып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақбұлақта адамдарды атқан Дужнов өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жарыссөзде прокурор айыпталушы Игорь Дужновқа ең жоғары жазаны сұрады.

«Дужновтың өз ісіне еш өкінбейтінін ескере отырып, оның мүлкін тәркілемей ең жоғары жаза тағайындау қажет деп есептеймін», - деді прокурор.

Еске салайық, 2021 жылдың 20 қыркүйегінде Алматының Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағын ауданында 54 жастағы Игорь Дужнов басқаларға оқ жаудырған. Салдарынан бес адам қайтыс болды. Олардың арасында сот орындаушысы, екі полицей және екі бейбіт тұрғын бар. Белгілі болғандай, бейбіт тұрғындардың бірі үйдің жаңа қожайыны болса, екіншісі оның танысы.

«Кісі өлтіру» және «Билік өкіліне шабуыл» жасау баптары бойынша тергеу жүргізілді.

Қазір оқып жатыр

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы