USD
USD
USD

Ақбар Құбанов Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына төртінші медальді салды

61 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық балуан Ақбар Құрбанов Азия чемпионатында қола медаль еншіледі.

Ақбар Құбанов Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына төртінші медальді салды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақбар Құрбанов үшінші орын үшін тартысты айқаста жеңіліп жатқанына қарамастан, Бахрейннен келген Алибег Алибеговтың қолынан жеңісті жұлып алды. Есеп - 5:4.

Осылайша, ол Қазақстан қоржынына төртінші медальді салды. Бұған дейін, Рахат Қалжан күміс медаль ұтып алса, "қола" жүлдеге Талғат Сырбаз мен Мамед Ибрагимов ие болған еді.

24 сәуірде еркін күрес жанкүйерлерін қазақстандықтардың қатысуымен өтетін тағы үш финал күтіп тұр:

Финал (74 келі): Нұрқожа Қайпанов - Йонес Алиакбар Эмамичогаей (Иран).

Финал (86 келіге дейін): Азамат Дәулетбеков - Дипак Пуния (Үндістан).

Финал (125 келіге дейін): Әлішер Ерғали - Йадоллах Мохаммадказем Мохеби (Иран).

Қазір оқып жатыр

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер