USD
USD
USD

Ақан Сатаев пен Альмира Тұрсын қызды болды

Танымал режиссер Ақан Сатаев пен актриса Альмира Тұрсын қызды болғанын сүйіншіледі.

instagram.com/almiratursyn
Фото: instagram.com/almiratursyn

Астана, NEGE. Режиссер қызының атын Айя-Сафия деп қойған.

«Алла Тағаланың қалауымен қызым дүниеге келді. Айя-Сафия, қош келдің, бақытты бол!» – деп жазды Ақан Сатаев.

Ал актриса Альмира Тұрсын желідегі парақшасында перзентханадан бірнеше фото жариялады.

«Қызымыз – Айя-Сафия дүниеге келді. Менің арманым, дұғам, Жаратушының жауабы мен сыйы! Аллаға шүкір!», – дейді ол Instagram желісіндегі жеке парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Ақан Сатаев пен актриса Альмира Тұрсын бас қосқандарын көпшіліктен жасырып келген.

Алайда таяуда режиссердің бұрынғы жары Назира Бақаева Qysqa Söz жобасына сұхбат беріп, Ақан Сатаевпен ажырасып кетуіне «актриса Альмира Тұрсын себеп болғанын» мәлімдемеді.

Бұл мәлімдемеден кейін Ақан Сатаев та желідегі парақшасында жазба жариялап, Назира Бақаевамен ажырасқаннан кейін төрт жыл өткен соң актриса Альмира Тұрсынмен ресми түрде некелескенін растады.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы