Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Академик Сұлтан Сартаев өмірден озды

Академик Сұлтан Сартаев қайтыс болды, – деп хабарлайды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметі.

Академик Сұлтан Сартаев өмірден озды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Академик бүгін, 13 желтоқсанда өмірден озды. Сұлтан Сартайұлы Сартаев – кеңес және қазақстандық ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Құқықтану және халықаралық қатынастар институтының ректоры, Қазақстан заңгерлер қауымдастығының вице-президенті. Ол еліміздегі Конституцияның негізін қалаушылардың бірі. Сартаев 1995 жылы еліміздің Ата Заңын дайындауға белсенді араласқан. Оның бастауымен Конституцияға Қазақстанның жер және жер қойнауы, ұлттық нышандарына байланысты көптеген маңызды өзгеріс енгізілді.  Сұлтан Сартаев 1927 жылы 15 қазанда дүниеге келген. 1962 жылы Сұлтан Сартайұлы ауылдарда қазақ мектебін бітіргендер үшін заң факультетінде қазақ бөлімін ашу үшін барлық күш-жігерін жұмсаған. Ол балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету және шәкіртақы алуға, қазақ тіліндегі қабырға газетін шығаруға көмектесті. 
 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

ойын

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев