USD
USD
USD

Академик Кенжеғали Сағадиев өмірден өтті

Қазақстандық экономист әрі қоғам қайраткері Кенжеғали Сағадиев 82 жасында қайтыс болды.

Академик Кенжеғали Сағадиев өмірден өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Өкінішке қарай, жаппай тараған ауру біздің отбасымызға да жетті. Оны танитындардың бәрі оның терең ой-өрісін, жан дүниесін және жақын адамдарына деген қамқорлығын жақсы біледі. Өте жақсы өмір сүрген ұлы адам", - деді оның отбасы. Олар жерлеу рәсіміне тек отбасы мүшелері қатысатынын айтты. Кенжеғали Сағадиевті еске алуға арналған басқа іс-шаралар 2021 жылы 25 шілдеде өтеді. Бұл оның өсиеті екен. Кенжеғали Сағадиев - көрнекті ғалым-экономист, профессор, Қазақстан Республикасына ғылым мен техника саласында еңбек сіңірген қайраткер. 445-тен аса ғылыми жұмыстың, оның ішінде 20 монография мен оқулықтың авторы. Әр уақытта ол Қазақстанның 5 ірі жоғары оқу орнын басқарған. Ұлттық ғылым академиясының бас ғылыми хатшысы және президенті болып сайланған. 2012 жылдан 2014 жылға дейін Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің директорлар кеңесінің төрағасы болған. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің үшінші (2004-2007 ж.) және төртінші (2007-2011 ж.) шақырылымында депутат болып сайланған, Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болған (2004-2007 ж.). Кенжеғали Сағадиев - бұрынғы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің әкесі.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны