USD
USD
USD

«Ақ жол» партиясы сайлауға үміткерді таңдады

«Ақ жол» демократиялық партиясы президент сайлауына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақ жол» партиясы сайлауға үміткерді таңдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Партияның кезектен тыс ХІХ съезінде президент сайлауына қатысуға жетісулық журналист Сандуғаш Дүйсенова, Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев және «Ақ жол» ҚДП Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, кәсіпкер Асқар Садықов ниет білдірген еді.

Сонымен бірге партия мүшелері қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың да кандидатурасын қолдауды ұсынған.

Жасырын дауыс беру үшін 126 бюллетень қолданылды. Бірінші үміткер журналист Сандуғаш Дүйсенова 11 дауыс жинап, 6 пайызды иеленсе, депутат Серік Ерубаев 23 дауыспен 19 пайызға ие болды.

Ал партияның Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Асқар Садықов 17 дауыспен 13,7 пайыз алса, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатруасын 74 адам – қатысушылардың 64,1 пайызы қолдаған.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев