Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ақ үй ДДСҰ-дан шығу ниетін БҰҰ-ға ресми хабарлады

6 шілде күні Вашингтон БҰҰ бас хатшысы Антониу Гуттеришке АҚШ-тың тура бір жылдан соң Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығатынын ресми түрде хабарлады.

Ақ үй ДДСҰ-дан шығу ниетін БҰҰ-ға ресми хабарлады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. АҚШ ДДСҰ-ның ең ірі доноры салады. Оның ұйым бюджетіндегі үлесі – 15 пайыз. Осыған дейін Ақ үй басшысы Дональд Трамп ДДСҰ-ны бірнеше рет сөккен болатын. Трамптың сөзінше, ұйым Қытайда коронавирус инфекциясының тарауы жөнінде «сенімді деректерді» елеусіз қалдырған, ресми Пекиннің дегеніне көніп отырған және өте баяу әрекет жасаған.

Пандемия әлемдік экономиканың қарқынын дереу баяулатып, жұмыссыздықты күшейтіп жіберді. Жұмыссыздық қараша айында екінші рет президент сайлауына түскелі отырған Трамптың саясаттағы тағдырын анықтауы мүмкін. АҚШ-та жұмыссыздық деңгейі жыл басында 3,5 пайыз болса, сәуірде 15 пайызға өскен.

Трамптың коронавирус эпидемиясының алдын алуға бағытталған шаралары қатты сынға ұшырады. АҚШ COVID-19 ­өлімі және жұқтырғандар саны бойынша әлемде бірінші орында. Сыншылары Трамптың бар кінәні ДДСҰ-ға ысырғысы келетінін айтып отыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА