USD
USD
USD

«Ақ боз үй» көркем фильмі қашан көрсетіледі?

Осы жылдың соңында ашаршылық тақырыбындағы «Ақ боз үй» толықметражды көркем фильмі көрерменге жол тартады. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған.

«Ақ боз үй» көркем фильмі қашан көрсетіледі?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «20-30 жылдардағы ашаршылық тақырыбында Смағұл Елубайдың сценарийі бойынша 2020 жылы «Ақ боз үй» толықметражды көркем фильмі өндіріске жіберілді, фильмді тапсыру осы жылдың соңына жоспарланған», – деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы ашаршылық зардаптары тақырыбына арналған драматург О.Жанайдаровтың «Жұт» драмасы еліміздің М.Лермонтов атындағы Ұлттық академиялық орыс драма, А.Н.Островский атындағы Батыс Қазақстан облыстық орыс драма, Шығыс Қазақстан облыстық драма, Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрларында сахналанып жүргендігін атап өтеді.

«Сонымен қатар, аталған тақырыпта А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында Ш.Мұртазаның «Тұрар. Сталинге хат» және Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық академиялық қазақ музыкалық драма театрында С.Ембергеновтің «Ана жүрегі» спектакльдері де сахналанған», – деді Үкімет басшысы.

Қазір оқып жатыр

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші