USD
USD
USD

«Ақ жол» Respublica-ға: Біз беделді сөзбен емес, іспен жинадық

«Ақ жол» демократиялық партиясының кезектен тыс съезінде Қарағанды облыстық филиалының жетекшісі Ермек Әбілдин Respublica партиясының мәлімдемесіне жауап берді.

.
Фото: Ермек Әбілдин

Астана, NEGE. Ермек Әбілдин партияның 14 жылдан бері Парламентте кәсіпкерлердің мүддесін жүйелі түрде қорғап келе жатқанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2023 жылғы сайлау кезінде кейбір саяси күштер өзін бизнестің қорғаушысы ретінде таныстырғанымен, іс жүзінде сұхбат беріп, форумдарға қатысумен ғана шектелген.

«Біз саясатқа бизнестен келдік. Кейбір блогерлер сияқты өздерін әрі кәсіпкер, әрі саясаткер санамаймыз. Партиямыздың беделі саяси қарсыластарын балағаттаумен емес, көп жылғы еңбектің арқасында қалыптасты. Біз беделді сөзбен емес, іспен жинадық», – деді Ермек Әбілдин.

Еске салсақ, бір күн бұрын өткен Respublica партиясының кезектен тыс съезінде партия төрағасының орынбасары Олжас Құспеков өзін кәсіпкерлердің басты қорғаушысы ретінде көрсететін саяси күштерді сынап, оларды «кішкентай декоративті понилерге» теңеген еді. Ол нақты партияның атауын атамағанымен, бұл сөздің «Ақ жолға» бағытталғаны туралы пікірлер айтылуда.

Қазір оқып жатыр

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев

Mercedes-Benz көлігі, жан басына шаққандағы табысы 356 мың болатын отбасыға жәрдемақы берілмейді

Әлеуметтік төлемдер тақырыбындағы брифинг

Астанада телефонға елеңдеп, адам қағып кеткен автобус жүргізушісі 2 жылға сотталды

Автобус жүргізушісі