Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Ақ жол» партиясының депутаты ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қызметкерлері облыстық мәслихат депутаты Павел Булаевты ұстады, деп жазады Qazaqstan Media сайты.   

Павел Булаев
Фото: golos-naroda.kz

Алматы, NEGE. Ол бірнеше жылдан бері Петропавл әкімдігіне қарасты «Тазартқыш, су тартқыш және су өткізгіш ғимараттар» КМК басқарып келеді.

Басылым мәліметінше, коммуналдық кәсіпорынның орынбасары әрі директоры Павел Булаевтың ұсталғанын Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет растаған. Олар бұл іс оның негізгі қызметіне қатысты екенін атап өтті.

«Бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті.
Павел Булаев бір жыл бұрын бір мандатты №13 аумақтық сайлау округі бойынша «Ақ жол» партиясынан облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланған.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында әйелді өз пәтерінде пышақтап кеткен: күдікті ретінде көршісі ұсталды

Пышақ жарақаты

Ауыр жүк таситын транзиттік көліктерге Астанаға кіруге тыйым салынды

транзиттік жүк көлігі

Алматы полициясы Канье Уэсттің концертіне билетке қатысты маңызды ескерту жасады

концерт

Қазақстанда смартфон сату ережелері өзгерді: тұтынушы нені білуі керек?

верификация