USD
USD
USD

Ақ үй Зеленскийдің Аляскадағы саммитке қатысуы туралы пікір білдірді

Дональд Трамп екі көшбасшымен де үшжақты саммитке ашық, бірақ қазір Ақ үй Путинмен екіжақты кездесуді жоспарлап отыр.

Трамп-Зеленский дауы
Фото: Фото: ria.ru

Алматы, NEGE. Ақ үй Украина президенті Владимир Зеленскийді Аляскаға шақыру мүмкіндігін қарастыруда. Келесі аптада, дәлірек айтсақ 15 тамызда АҚШ және Ресей президенттері Дональд Трамп пен Владимир Путиннің кездесуі өтеді. 

Басылым америкалық жоғары лауазымды шенеунік пен ішкі талқылаулардан хабардар үш адамның мәлімдемесін қолданғанын жазды.

«Бұл мәселе талқылануда» деп хабарлады кей дереккөз. 

NBC сұхбаттастарының барлығы Зеленскийдің сапары келісілмегенін және оның Аляскаға келетіні әлі белгісіз екенін айтқан.

Ақ үйдің жоғары лауазымды өкілі телеарнаға бұл «әлі де» мүмкін екенін мәлім етті.

«Бәрі де осылай болады деп үміттенеді», - деді ол.

АҚШ Зеленскийді Аляскаға ресми түрде шақырды ма деген сұраққа Ақ үйдің жоғары лауазымды өкілі келесідей жауап берген: 

«Президент Дональд Трамп екі көшбасшымен үшжақты саммит үшін ашықтық танытып отыр. Дегенмен қазір Ақ үй екіжақты кездесуді жоспарлауды басты тақырып ретінде қарастыруда». 

Белгілі болғандай Украина мен ЕО елдері Ресей тарапынан бұған дейін ұсынылған Донбасстан бас тарту арқылы соғысты тоқтату шартын толықтай қабылдамады. 

Қазір оқып жатыр

TikTok арқылы диван сатпақ болған әйел 2,5 жылға сотталды

алаяқтық

КҚК теңіз терминалында мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды

танкерлерге шабуыл

Энди Бернем Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі атанды

Энди Бернем

Павлодар облысы Жоламан ауылында кәріз құдығында алты адам қаза тапты

кәріз құдығы