USD
USD
USD

АИТВ жұқтырған науқастар коронавирусты жеңіл өткереді

АИТВ жұқтырған науқастар иммунитеті төмен адамдарға қарағанда ауруды әлдеқайда жеңіл өткізеді, деп хабарлайды Атырау облысының коммуникациялар қызметі.

АИТВ жұқтырған науқастар коронавирусты жеңіл өткереді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Бұл туралы Атырау облыстық ЖИТС –ке қарсы күрес және алдын алу орталығының «Емдеу алдын алу»  бөлімінің инфекционист дәрігері Альфия Меңдіғалиқызы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.

- Мұның мәні антиретровирустық препараттарда. АИТВ жұқтырушылары оларды қабылдаған кезде коронавирустық инфекцияға  төзімді болады. Өйткені аурудың алғашқы кезеңінде қабылдғанда, адамның иммундық жүйесі артып, әртүрлі вирустарды көтере алады. Облыста АИТВ науқастарының саны 237 адам, олардың үшеуі коронавирус инфекциясын жұқтырған. Ковид жұқтырушы екі адам ешқандай асқынуларсыз ауруды оңай бастан өткерді, ал бір науқас өкінішке орай қайтыс болды. Себебі ол  ұзақ уақыт үйінде жатып, медициналық көмекке уақытылы жүгінбеген. Нәтижесінде өкпесінің  76 пайызы зақымданған, - деді Альфия Қарабекова.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Алматы

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Ит

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Уылдырық

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Өрт сөндірушілер