USD
USD
USD

АИТВ жұқтырған ер адам қызды зорлаған: Омбудсмен жәбірленушінің жағдайын айтты

АИТВ жұқтырған ер адамнан жәбір көрген 13 жастағы қыз қазір қауіпсіз мекемеде.

Қылмыстық іс
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлімдеді.

«2025 жылдың желтоқсанында тергеу өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын бап бойынша істі сотқа жіберді. Сот талқылауы барысында іс қайта сараланды, осыған байланысты біз прокуратураға жүгіндік. Біз Ішкі істер министрлігімен, анасымен және Ләззат Рақышевамен байланыстамыз. Қыз қауіпсіз жерде – мекемеде. Қызы мен анасын психологиялық қолдау көрсету орталығына шақырды, бір-бірімен хабарласып тұрады», – деп жазды Зәкиева Instagram желісіндегі stories бөлімінде. 

Еске салсақ, бұған дейін құқық қорғаушы Ләззат Рақышева Алматыда АИТВ жұқтырған ер адам 13 жастағы қызды зорлағанын мәлімдеді. Күдікті ретінде қыздың әкесінің досы танылды. Рақышева қыздың қажетті психологиялық көмек ала алмағанын және кейін сотта берген жауабын өзгерткенін жазған еді.

Күдікті ұсталған, істі полиция басшылығы бақылауына алған.

Қазір оқып жатыр

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші