USD
USD
USD

АИТВ-ның алдын алуға арналған препарат 120 елде жылдық курсы небәрі 40 долларға қолжетімді болады

АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы (FDA) АИТВ жұқтырудың алдын алуға көмектесетін ленакапавир препаратының арзан нұсқасын алдын ала мақұлдады.

Дәрігер мен науқас
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Дәріні Үндістанның Dr. Reddy’s Laboratories компаниясы әзірлеген. Оның басты артықшылығы – алдын алу үшін күн сайын дәрі ішудің орнына жылына небәрі екі рет инъекция салдыру жеткілікті.

Клиникалық зерттеу нәтижелері ленакапавирдің зерттеуге қатысушылар арасында АИТВ жұқтырудың алдын алуда 100 пайызға жуық тиімділік көрсеткенін дәлелдеді. Препараттың генерик нұсқасымен бір жылдық емдеу курсы шамамен 40 доллар тұрады. Салыстырмалы түрде айтсақ, АҚШ-та түпнұсқадағы Yeztugo препаратының сақтандырусыз бір жылдық құны 28 мың доллардан асады.

Қолжетімді бұл нұсқаны табысы төмен және орташа 120 елге жеткізу жоспарланып отыр. Дәрінің алғашқы партиялары 2026 жылдың соңына дейін жеткізілуі мүмкін. Ал ауқымды жеткізілімдер 2027 жылы басталады деп жоспарланған.

Сарапшылардың бағалауынша, арзан препарат АИТВ жұқтырудың алдын алу шараларымен 20 миллионға жуық адамды қамтуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, ленакапавир АИТВ-ны емдемейді және вакцина болып саналмайды. Ол тек вирусты жұқтырудың алдын алуға арналған.

Қазір оқып жатыр

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев

Алматыда автобустар саны азайды: тұрғындар әкімдікке шағымдануда

Қоғамдық көлік

Ақтөбеде Неке сарайында 26 жастағы әйел пышақ жарақатынан көз жұмды: күдікті ұсталды

Пышақ жарақаты

Ақмола облысында шенеунік жол жөндеуге бөлінген 78 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

сыйақы