USD
USD
USD

Айтқандарымның барлығы жалған: Қырғызстандық музыкант неге өтірік айтқанын түсіндірді

Қазақстанда наразылық акциясы кезінде қолға түскен қырғызстандық музыкант Викрам Рузахунов өзін тезірек үйіне қайтаруы үшін, жалған айыптауларды мойнына алғанын жеткізді. Бұл жөнінде ол журналистерге берген сұхбатында айтты.

Айтқандарымның барлығы жалған: Қырғызстандық музыкант неге өтірік айтқанын түсіндірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Викрам Алматыға досының шақыртуымен келген. 4 қаңтар күні кешкісін митинг басталғанда досы оған сыртқа шықпай, үйде отыруды ескерткен. Бірақ жағдай шектен шыққан уақытта ол үйіне – Қырғызстанға оралуды ұйғарады.

Рузахуновты 7 қаңтар күні әскери бекетте такси көлігінде отырғанда ұстайды.
Викрамның сөзінше, уақытша ұстау камерасында оған қарсы күш қолданылмаған. Бірге қамауда отырған азаматтардан ол өзін айыпты етіп көрсетсе, отанына қайтарады дегенді естіген. Осылайша музыкант "белгісіз адамдар" өзіне митингке қатысу үшін 200 доллар төлеп, ұшақ бағасын өтеп беріп, Алматыдағы пәтерлердің біріне орналастырды, деп жалған айыпты мойнына алған. Осы сөздерінен кейін ғана Рузахунов Қазақстаннан шекарасынан шығарылады.

"Мұндай жағдайға кез келген адам түсуі мүмкін, мен тек осындай келеңсіздіктің құрбаны болдым. Керексіз уақытта керексіз жерден табылдым. Бірге отырған жігіттерден видеоға үндеу жасасаң, сені бірден Бішкекке қайтарады деген естідім де осылай жасауға бел будым. Бейнероликтегі барлық сөздерім жалған. Бетімдегі соққыдан көгерген іздер 7 қаңтарға дейін пайда болды, себебі ол кезде қолға түсірер уақытта күш қолданған болатын. Менімен бірге түрмеде тағы төрт қырғызстандық азамат болды. Кейбір деректер бойынша, оларды ертең босатулары мүмкін", - дейді музыкант.

Қазір оқып жатыр

G7 елдері Ресейге қарсы санкцияны күшейтіп, Украинаға қолдауды арттыруға келісті

Украина, Ресей

Семейдегі матчтан кейін басы дауға қалған төреші бес тәулікке қамалды

Арман Исмұратов

Қазақстандықтардың жеке деректері шетелде жабық сайт арқылы сатылған

жеке деректерді тарату

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана