17 Мамыр 14:53
...

Айтыскер Айшолпан Тілеутай Тұрсынбек Қабатовтың әйелін айыптады

Фото:

Айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай экс-продюсері, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова туралы шындықты айтып, видео жариялады. 

Алматы, NEGE. Ол Мөлдір Мұқанованың айтыскер қыздың телефонын көтермей, бірнеше рет жоғалып кеткенін айтқан сөзіне жауап берді. 

«Күн бар жерде, көлеңке бар. Бұға берсең, сұға береді. Өзімдікі дұрыс па, ешкімге есемді жібермеймін. Алла бергенін алса да, берерін алмасын! Менің сіздер сияқты бай миллоионер көкелерім жоқ, бірақ қолдайтын халқым бар! Қанша аяқтан шалсаңыздар да мен дегеніме жетемін», - деп жазды айтыскер ақын әлеуметтік желіде жазған жазбасында. 

Өзі жариялаған видеода Мөлдір Мұқановаға қатысты шындығын да айтты.

«Мен бұған жауап бермейін деп едім, бірақ оқырмандардың сұранысы бойынша жауап беруге тура келді. Барлықтарыңыз көрдіңіздер, менің бұрынғы продюсерім атақты әзілкеш Тұрсынбек Қабатоватың әйелі Мөлдір ханым маған жала жауып, сұхбат берген. Барлықтарыңыз көрдіңіздер. Жанындағы журналистер менің дене-бітіміме тиісіп, үстімнен мысқылдап күліп отырғандарын көріп менің қатты намысым ұстап, жүрегім ауырды. Менің намысым бар, ешкімге өзімді таптатпайтын қызбын», - деді ол. 

Сонымен қатар ол Мөлдір Мұқанованың өзін бай-манаптардың тойына шығарып, артынан айлық жалақысын уақытында төлемегенін айтты. 

«Мен жылап-еңіреп Мөлдір ханымға бармадым. Мөлдір ханым маған келіп, жұмыс ұсынды. Астанада мені қолдайтын, қорғайтын адам бар екен деп, келісім-шартқа отырдық. Ол келісім-шартта Тұрсынбек аға мен Мөлдір ханым мені «Әзіл әлеміне» шығару керек болатын, киноға түсіру керек болатын, концерттерге шығарып, киім-кешекпен қамтуы тиіс еді. Сонымен қатар айлық жалақымды уақытында төлеуі керек болатын.

Мені жаз бойы жаз бойы бай-манаптардың тойына, депутаттардың тойына, министрліктің, аппараттың тойына тегін салып, соңында ақшамды бермей қойды. Бір министр ағамыз домбыра сыйлаған еді, «Саған бере алмаймын, мен арқылы алдың», деп өзінің үйіне іліп қойды. Осындай адамдармен мен қалай жұмыс істеймін деп, телефонымды алмай қойдым. Айшолпанға бір костюм тігіп бердім, соны әлі киіп жүр» деген сөзін естідім. Мөлдір ханым, егер сіз жобаңызға костюм тігіп берсеңіз, ол сіздің продюсерлік міндетіңіз. Егер костюм тігіп бере алмасаңыз, онда продюсерлікпен айналыспаңыз», - деді Айшолпан Тілеутай. 

Тегтер: