USD
USD
USD

Айтыс ақындарын баулитын мектеп ашылды

Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында айтыс өнерінің жанашырына айналған Жүрсін Ерман атындағы ақындар мектебі ашылды.

Айтыс ақындарын баулитын мектеп ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Халықаралық және республикалық айтыстардың жүлдегері, «Сырым ауданының құрметті азаматы», ақын Бауыржан Халиолланың 40 жас мерейтойы аясында ашылған Жүрсін Ерман атындағы ақындар мектебі аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған. Бүгінге дейін абыроймен жұмыс жасап келген Сырым ауданындағы ақындар мектебін жалғастыруды алдарына міндет етіп қойған ел ағалары жаңа буынды тәрбелеуді қолға алса керек.

Осы мақсатпен жергілікті билік және аудандық мәдениет бөлімінің қолдауымен жас ақындарды даярлайтын  білім ошағының тұсауын кесті. Кезінде академик Рымғали Нұрғалидың Жүрсін Ерман туралы: «Айтысты қалпына келтіруші реставратор, жаңартушы-реформатор» деп баға беруін ескерсек, айтыс жанашыры Жүрсін Ерманның атының ақындар мектебіне  берілуі тегін емес.

Ақындар мектебінің тұсауын кесіп, салтанатты сәттің куәгері болған ҚР-ның Халық әртісі Асанәлі Әшімов елеулі жанның  есімін жаңадан ашылып жатқан айтыскерлер ордасына берілуі - елдің мерейін өсіретін бастама екенін алға тартты. Ендеше біз де Жүрсін мектебінен ел мен жердің жайын көксейтін жүйріктер шығады деп сенеміз!

Қазір оқып жатыр

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда

Мәскеу түбіндегі «Крокус сити холлдағы» теракт: айыпталушыларға үкім шықты

Крокус сити холлдағы терракт

Тоқаев: Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ

Мемлекеттік тіл