USD
USD
USD

Әйтенов тұрғын үй құрылыстарын қадағалады

Бүгін Шымкент қаласының әкімі «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан бірқатар тұрғын үй құрылыстарының барысын қадағалады.

Әйтенов тұрғын үй құрылыстарын қадағалады
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE.  Мердігер мекемелер басшыларымен жұмыс барысы, өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды. Жүктелген жұмыстарды сапалы және мерзімдерінде аяқтауды міндеттеді.

Аталған бағдарлама шеңберінде құрылыс басқармасының тапсырысымен жалпы 287 мың шаршы метрді құрайтын 4832 пәтерлі 79 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде кредиттік 57 үй, арендалық 22 үй. Биылғы жылы 39 үй пайдалануға беріледі. Барлығы 141 мың шаршы метрді құрайтын 2432 пәтер тапсырылады.

Құрылысы жүргізіліп жатқан 6 арендалық үй әкімшілік-іскерлік орталығында, кредиттік 4 тұрғын үй Арғынбеков көшесінің бойында орналасқан. Ал, көпқабатты 61 үй Тұран шағын ауданында салынуда.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек