USD
USD
USD

Әйтенов: «IKOMEK 109» орталығы өзінің маңыздылығын көрсетті

Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, өткен жылғы 26 маусымда «109» желісі арқылы «iKomek» байланыс орталығы ашылған.

Әйтенов: «IKOMEK 109» орталығы өзінің маңыздылығын көрсетті
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE.  Тәулігіне 24 сағат демалыссыз қызмет ететін Орталық азаматтардың өтініші бойынша әлеуметтік мәселелерді шұғыл шешумен айналысады. Бір жылда 150 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Оның 98 пайызы бүгінгі күнге шешілген.

Одан бөлек, қала әкімі бастаған басшылық құрам апта сайын әлеуметтік желілер мен ақпарат құралдары арқылы тікелей эфирге шығып, халық сұрағына жауап беріп отырады.

Биылдан бастап қаладағы 4 ауданға «Халық қатысатын бюджет» жобасы енгізілді. Қаланың кез келген тұрғыны «электрондық үкіметтің» веб-порталына кіріп, өз ұсыныстарын қалдырып, кері жауап алу мүмкіндігі бар.

Жалпы алғанда, 2021 жылғы қалалық бюджет өткен жылға қарағанда 4 пайызға ұлғайып, 481,6 млрд. теңгені құрап отыр. Оның 45 пайызы әлеуметтік салаға бағытталған.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам